Қостанай сотының бұрынғы судьясы Асқар Дәрбаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Қостанай сотының бұрынғы судьясы Асқар Дәрбаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөз: Время басылымы
Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Облыстық соттың әкімшілік алқасының төрағасы Асқар Дәрбаевқа кәсіпкер Михаил Корнеевтен 19 миллион теңге көлемінде пара талап етті деп айып тағылған. Судья 2022 жылдың 17 тамызында парамен ұсталған еді.
- Пара алды деп айыпталған мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды
- Бишімбаев ісі: Танымал заңгер Тоқаевтан Назарбаевтың жарлығын жоюды сұрады
Пара берген делдал, кәсіпкер Елжас Қалқаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”