Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскер түрме қызметкерін соққыға жықты

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскер түрме қызметкерін соққыға жықты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскер түрме қызметкерін соққыға жықты

Арқалық қаласында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерін ұрған сотталушыға қатысты іс қаралды.

Сотталушы ауыр қылмыс жасағаны үшін түрмеде жазасын өтеп жатқан.

«Сотталушы серуен уақытында УК 161/12 мекемесіндегі киім сақтайтын орынға кірген. Осы әрекеті үшін түрмедегі бас қадағалаушы оған есукерту жасаған. Мұнан кейін мекеме тәртбімен келіспеген сотталушы бас қадағалаушыны баспен бір ұрған», -деп мәлімденеді облыстық сот хабарламасында.

Осы әрекеті үшін сотталушы айыпты деп танылды. Оған қатысты ҚР ҚК 429-бабы, 2-тармағы бойынша (Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу) 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ҚР ҚК 60-бабы, 1, 4 тармақтарында көрсетілген ережелерге сәйкес, сотталушының бұрынғы өтелмеген жаза мерзімін жартылай қосқанда, барлығы сегіз жылға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Қостанай тұрғындары Кемеровода өрттен қаза тапқандарға ескерткіш ретінде ағаш отырғызды (фото)

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Назарбаевтың немересі «зорланған» бала мен оның отбасына көмектесіп жатыр

Астанада 3 баланың із-түзсіз жоғалып кеткен ата-анасы қайда болғаны белгілі болды

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Талқылау