Қостанай облысының су басқан аймақтарында төтенше жағдай жарияланды
Қостанай облысының су басқан аймақтарында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ТЖД
Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеуінше, Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында төтенше жағдай жарияланған.
Бұған дейін 25 наурызда Қостанай облысындағы Арқалықтың бірнеше ауданында жеке үйлерді еріген қар суы басқаны туралы хабарланған. Төтенше жағдай Арқалық қаласындағы Новый, Родина, Северный және Дачный елді мекендерінде болған.
Ауыл тұрғындары үйлеріне су кіріп, ауыл шаруашылығы жануарларына қауіп төніп тұрғанын айтады. Су тасқынының алғашқы құрбандары – ұсақ қозылар. Адамдар өз мүлкі үшін қорқады.
- Абай облысындағы су тасқынында 3 ер адам із-түзсіз жоғалып кетті
- Ақтөбе облысында тас жолдың бір бөлігін су шайып кетті (видео)
“Адамдар үрейленіп жатыр! Билік су тасқынына төтеп бере алмады! Орталық көшелердің бірі – Сейфулина су астында, мұнда екі мектеп бар”, – дейді жергілікті тұрғындар.
ТЖМ республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара қорғаныс министрлігінің әуе кемелерінің көмегімен өтті. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і – балалар. Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілген.