Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының халқы сұйытылған газ тапшылығына шағымданды

Жүргізушілер бір аптадан астам уақыт жанармай құя алмай отыр. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қостанай облысында сәуір, мамыр және маусым айларына 13 мың  тонна газ есептелгенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден 

"Біз энергетика министрлігіне және Атырау мұнай өңдеу зауытына хабарластық. Олардың айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытына түскен өтінімдер дәл қазір өте көп. Олар біздің облысты ғана емес, басқа да бірқатар аймақтарды газбен қамтамасыз етеді. Олар дәл қазір жүктеме әдеттегіден көп болып отырғанын айтты. Соған сәйкес бізде аздап газ тапшылығы байқалады. Бізге қосымша газ беруін сұрап энергетика министрлігіне хат жаздық. Министрлік мақұлдап,  қосымша 1008 тонна газ берілетін болды", – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Дәурен Асқаров. 

Басқарма соңғы тәулікте облысқа тағы 216 тонна газ келіп түскенін, қазір ол жанармай құю станцияларына бөлініп жатқанын түсіндірді. Көгілдір отын тиелген тағы 42 цистерна осы аптаның соңына дейін жетуге тиіс.

Талқылау