Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысындағы өртке қарсы күресте жаңбыр септігін тигізді: ТЖМ жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы ақпараты бойынша Қостанай облысында жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әрбір елді мекенде қарауылдау ұйымдастырылды.

"Аздаған жауын жауғандықтан ауа ылғалдығы күшейді. Сағат 7:30-дан 8.40-қа дейін өрт аумағына ұшу жұмыстары жүргізілді. Әуеден барлау нәтижесінде Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына қарай төменгі бөлігінде от байқалады. Озерное, Лесное және Аманқарағай ауылдарында жағдай тұрақталды", –  делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Озерное, Аманқарағай ауылдарында тек оқшауланған өрт ошақтарының жануы, түтін байқалады. Күштер мен құралдар негізгі жұмыс жүргізетін Бағаналы аудандарына қайта топтастырылды.

Бағаналы, Озерное, Лесное ауылдарында елді мекендерінде жерді жырту жұмыстарын жүргізу үшін қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың инженерлік техникасы да жұмылдырылады.

Өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам эвакуацияланды. Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатының эвакуациялау пунктінде 66 адам бар. Эвакуцияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйінде.

Барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85 Аманқарағай ауылында және 6 Озерный ауылында.Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, 2193 адам жұмылдырылды.

11 адам жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат алып, бір адам қаза тапты.

4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы 107 257 га.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Талқылау