Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында өрттен бес баласынан айырылған анаға пәтер берілді

Жітіқарада өрт салдарынан бес баласынан айырылған анаға пәтер беріліп, материалдық көмек көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы оқиғадан кейін арнайы құрылған мобильді топ көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларды аралап, көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғыларды тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілген. 

Жітіқара ауданының әкімі анаға материалдық көмек көрсетіліп, өтемақы төленгенін хабарлады. Үлкен ұлымен үйсіз қалған әйелге, екі кәсіпорын екі бөлмелі пәтер сыйлаған. Сонымен қатар, тұрмыстық техника мен жиһазбен қамтамасыз етілген. Қазір отбасы мүшелері толыққан. Әкесі жақында түрмеден босатылған. Аудан басшысы қайғылы оқиғаға дейін отбасы әлеуметтік қызметкерлердің бақылауында болғанын, алайда ол жағдайы жақсы деп саналғанын айтты. Анасы дүкенде жұмыс істеп, балалары мектепте оқыған.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға қазан айында болған. Өрт кезінде тек 13 жастағы үлкен бала ғана аман қалған. Үйде ересектер болмаған. Алдын ала болжам бойынша, өртке мұржадағы газ баллоны себеп. 


"Жауапкершілік тек ата-аналарда": Оқу-ағарту министрлігі Жітіқарадағы бес баланың қазасы туралы


"Всеобуч" қоры арқылы балаға 100 АЕК көлемінде көмек көрсетілді, оны киіндіріп, аяқ киіммен қамтамасыз еттік. Бұл қайғылы жағдайдан аман қалған үлкен ұлы мектепке барып жүр. Астана қаласынан келген кәсіпкерлер бізге хабарласып, балаға шағын депозит ашқысы келетіндерін айтты. Қазіргі нақты шешімді білмеймін, бірақ олар өздері бастама білдірген”, – дейді Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жанысбаев. 

Талқылау