Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында мемлекетке 3 миллиард теңгеден аса залал келтірген қылмыстық топтың мүшелері анықталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департенті BEEF EXPORT GROUP ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын мәлімдеі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агеттігі хабарлайды.

Фото: naceks.kz

Агенттіктің дерегінше, ұйымдасқан топ ұзақ уақыттан бері "ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 миллиард теңгеден аса шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілерден 107 миллион теңге өтеліп, 3,1 миллиард теңге мүлкіне тыйым салынды.

Қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, олардың 13-і ұйымдасқан топтың мүшелері болып шықты. Айыпталушыларға субсидияларды жымқыру, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру және лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасау күдігімен айып тағылып отыр.

Ұйымдасқан топтың басшысы бақылауындағы компанияның қызметіне салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметкерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданды деген күдікке ілінді.



Сонымен қатар Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 30 шаруа қожалықтарының басшылары мен өкілдері іс бойынша күдікті деп танылды.

Бұдан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ-нің 3 лауазымды тұлғасына ақша қаражатын ұрлауға және пара алуға жәрдемдесті деген айып тағылды.

Тағы 7 ветеринарлық дәрігерге құжаттарды қолдан жасағаны, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін және заңсыз сыйақылар алғаны үшін жауапқа тартылады.

Еске салайық, Алматыда QI Trade Kazakhstan (Qarat Invest) қаржы пирамидасының ісі бойынша 6 миллиард теңгеден астам залал келтірген 15 адам сотталғанын жаздық.

Талқылау