Алматыда халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымның белсенді мүшесі ұсталды
Алматыда мемлекетке жарты миллиардқа жуық шығын келтірді деп халықаралық іздеуге алынған күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық прокуратура мәліметіне сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы күдікті теріс пиғылды кәсіпкерлерге жоқ қызметтер мен жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар жазып берген.
“2023 жылы 26 сәуірде қала прокуратурасының үйлестіру жұмысы кезінде, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында жедел-іздестіру шаралары барысында, ҚР ҚК 262-бабы 2-бөлігі және 216-бабы 3-бөлігімен күдік келтірген халықаралық іздестіруде жүрген Ж.Р.К. ұсталды”, - делінген ақпаратта.
Оның мемлекетке келтірген шығыны шамамен 514 миллиард 6 миллион теңге. Қазіргі уақытта ол тергеу сотының санкциясымен күзетпен ұстауда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
