Қостанай облысында екі жасөспірім 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінді

Қостанай облысының Рудный қаласында екі жасөспірім 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша Газета” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, полиция шамамен 17 және 18 жастағы екі жас жасөспірімге іздеу жариялаған. Жасөспірімдер 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінген.
Желіде тараған видеодан екінші жас жігіттің бар "ақылды" домофонның алдында ұзақ уақыт тұрып, пәтерге қоңырау шалғанын көруге болады. Кейін дәл сол камераға күдіктілердің подъезден жүгіріп шығып бара жатқан сәті түсіп қалған. Ал біраз уақыт өткен соң үйдің алдында жедел жәрдем көлігі тұрғаны байқалады.
Фото: ng.kz
“Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғалар анықталды. Оларды ұстау мақсатында бүкіл Қазақстан аумағындағы полицияның жеке құрамы бағдарланды, тиісті жедел-іздестіру шаралары қабылдануда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"