Қостанай облысында 5 жасар Мадинаны іздеу жұмыстары тыныштық режимінде жүріп жатыр
Қостанай облысың полиция департаменті 5 жасар Мадинаны іздеу шараларының тактикасы өзгергенін мәлімдеді. Мамандардың ұсыныстарын ескере отырып, іздестіру жұмыстары тыныштық режимінде жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мадина аутизмге шалдыққан, сөйлей алмайды. Сонымен қатар шаршағанын, тоңғанын немесе қарны ашқанын сезбей қалуы мүмкін.
Полиция мәліметіне сәйкес, аумақты тексеру бағыты өзгерген. Бұрын іздеу жұмыстары Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады.
Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істейді. Ал 10 тамызда таңертең 4 бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өткен.
Іздеу жұмыстарын еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері жалғастырып жатыр.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”