"Анасы пеш қосып кетіп қалған": Қостанай облысында 3 жасар егіздер көміртегі тотығына уланып қайтыс болды
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында үш жасар егізде көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. Аналары электр жылытқышты қосып, балаларды үйде жалғыз қалдырған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Астанада халықпен кездесу барысында 27 сәуірде орын алған қайғылы оқиға жайлы айтты.
"Отбасы әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар ретінде тіркелмеген. Алайда соған қарамастан анасы үш жасар екі кішкентай баласын үйде жалғыз тастап кеткен. Оның үстіне әйел электр жылытқышты қосып қалдырған. Бұл қысқа тұйықталуға әкеліп соңы өртке ұласқан. Өкінішке орай, небәрі 5 шаршы метр аумақтағы өрттің салдарынан екі бала көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды", - деді Юрий Ильин.
Министр ата-аналарға балаларды қараусыз қалдыру қауіпті екенін ескертті.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан