Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қосшыда мас болған ер адам моншаның әйел басшысын соққыға жыққан

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның әйелді соққыға жыққанын көруге болатын видео тарап кеткен еді. Болған оқиғаға байланысты Ақмола облыстық полиция департаменті түсінік беріп, бейтаныс азаматтың жұдырығының астында қалған әйелдің Қосшыдағы моншаның директоры екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

косшы монша коллаж

Полиция мәліметіне сәйкес, 2 сәуір күні сағат 07.30 шамасында мекеменің басқарушы директоры, 31 жастағы Қосшы тұрғыны есепшоттың не себепті төленбей жатқанын білу үшін, моншаға келушілердің алдына барған. Осы сәтте азаматтардың бірі әйелдің басы мен дене бөлігіне жарақат салып, себепсіз ұра бастаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 44 жастағы Қосшы тұрғыны мен Нұр-Сұлтан қаласының 36 және 37 жастағы екі тұрғынын анықтады.



"Қосшы қаласының 44 жастағы және Нұр-Сұлтан қаласының 36 жастағы тұрғынының қанында алкогольдің бар-жоғын тексеру кезінде жеңіл және орташа дәрежедегі мастық байқалды. Олар Нұр-Сұлтандағы дәрігерлік сауықтыру станциясына орналастырылды. Монша басшысына ене жарақатын салған күдікті 37 жастағы азамат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Целиноград аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді полиция.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Талқылау