"Қосылып жыладым”: Желіде өзіне келген бауырын көріп, көзіне жас алған қазақстандық сарбаз көптің көңілін босатты
Желіде Таразда әскерде жүрген сарбаз бен оған Алматыдан арнайы келген бауырының видеосы жұртшылықтың көңілін елжіретті. Видеода сарбаз бауырын көріп көзіне жас алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Борышын өтеп жүрген жігіт өзінің қадірлі қонағын көріп, қуанып оған қарай жүгіреді. Одан кейін құшақтасып, тіпті көзіне жас алды.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әсерге бөленді.
“Жаным қуанған жүрегіңнен”, “Қандай керемет, қашанда бауыр керек”, “Әскерде қанша отан қорғар азамат болсаң да жақындарың үшін тәтті бала болып қала бересің”, “Эмоцияларын көрсете білетін және көз жасын әлсіздік деп санамайтынын ерлерді жақсы көремін”, “Мен де қосылып жыладым”, – деп жазысты пікір қалдырушылар.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен