Қосылған құн салығының өсуі, шектің төмендеуі: Салық кодексіне енгізілген түзетулер мәжіліске жіберілді
Парламент мәжілісіне салық кодексіне түзетулер енгізілді. Мұны Ұлттық экономика министрлігі растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден
20 ақпанда мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізу ұсынылды.
Мынадай түзетулер енгізу ұсынылды:
- Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету – 20 000 АЕК (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК (15 млн теңге) дейін;
- Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
- Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.
Еске салсақ, бұған дейін үкімет қосылған құн салығын 20%-ға дейін көтеруді ұсынған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде ұсынылған мөлшерлеме тым жоғары екенін айтып, үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"