Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қосалқы бөлшек түрінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру жобасы қоғамдық талқыға ұсынылды

Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру аясында “автоконструкторларға” да рұқсат берілуі мүмкін. Арнайы талап-ереже жазылған жоба қоғамдық талқылауға ұсынылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көліктер

Қосалқы бөлшек түрінде әкелінген көліктерді заңдастыру жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Онда барлық талап-ереже көрсетілген. Тәртіпке сай көлік иесі 200 мың теңгеге заңдастыру үшін мына шарттарды ескеруі қажет. Яғни, көлік құралының іздеуде болмауы және кедендік тазартудан өткені туралы мәліметтер болмауы қажет. 

Егер осы талаптарға сай келсе онда көлік иесі келесідей құжаттарды ұсынады:

  1. өтініш берушінің көлік құралын сатып алу мән-жайлары көрсетілетін өтініші;
  2. ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын қарап тексеру актісі;
  3. техникалық байқаудың диагностикалық картасы.

Жобаның ең басты назар аударар тұсы, ол қосалқы бөлшек түрінде әкелінген көліктерді заңдастырған жағдайда тек Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болатыны. Әрі меншік құқығын өзгертуге толық тиым салынады. Өйткені мұндай көлік құралын тіркеу туралы куәлікте "Меншік құқығын өзгертуге тыйым салу, тек Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етіледі" деген жазба көрсетіледі.

Жоба наурыз айының 24-не дейін талқыға ұсынылған.

Талқылау