Кортеж жол ережесін бұзып, Шымкент көшелерінде тәртіпсіздік жасады
Кортеж Шымкент көшелерінде бейберекетсіздік тудырып, үш жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан алынды
Мәліметтерге сәйкес, мегаполис көшелерінің бірінде болған “форсаж қойылымы” жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жастардың жолда жасаған бұл әрекетін ЖБО инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатты.
Қарсы жолаққа шығып кеткені үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
"Жолда жасалған бейберекетсіздік нәтижесі алты айға көлік жүргізу құқығынан айыруға алып келді", - делінген хабарламада.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда