Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көршісі қандалаға қарсы дәрі сепкен": Ақтауда екі бала дәріден уланып, көз жұмды

Ақтауда екі бала қандалаға қарсы дәріден уланып, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Жалпы бес адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде үш ересек пен екі бала бар. Пәтерден екі және бір жасар тағы екі баланың мәйіті табылған.

Полиция департаменті оқиғаны растады. Қайғылы оқиға көпқабатты үйлердің бірінің 9-қабаттағы пәтерде болған.

"Шақырту бойынша жедел-тергеу тобы әрекет етті. Пәтерден кәмелетке толмаған 2021 және 2022 жылы туған екі баланың мәйіті табылды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді", – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, төменгі қабаттағы пәтердің иесі өз пәтеріне қандалаға қарсы дәрі сепкен.

Аталған факті Маңғыстау облысы бойынша ДП ҚР Қылмыстық кодексi 304-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жеткізілген балалардың бірінің жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеді. Дәрігерлер емдеу толық көлемде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Талқылау