Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көршілері ұрлап, құлдықта ұстаған: Әйел 31 жылдан кейін құлдыққа сатылған ұлымен қауышты

Қытайда 31 жыл бұрын бірін бірі жоғалтқан ана мен ұлы өмірдегі сан қилы жағдайларға қарамастан бір-бірін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме беріп.

Чжоу Цзяин есімді әйел ұлын қайтадан көремін деген сенімін жоғалтқан, алайда ананың ең үлкен үміті ақталады.

1990 жылы үш жасар Тао мен оның анасы Чжоу Цзяин ұрлықтың құрбаны болған. Көршілері  анасы мен ұлын Қытайдың Шаньдун провинциясына еңбек құлдығына сатып жіберген.

Бірнеше айдан кейін Чжоу тұтқыннан босап шықты. Әйел бақылаушы жоқ кезде қашып құтылған. Бірақ ұлы Таоны алып кете алмаған. Чжоу көп ұзамай оның артынан оралады, бірақ тұтқында ұстаған үйде ешкімді таппаған. Құл иелері қылмыстары әшкере болады деп қорыққан болуы тиіс. 

Жергілікті билік бұл істі жүргізуден бас тартты. Чжоудың үміті үзіліп, баласының қайда кеткенін білмеді. Ол бұл ауылға бірнеше рет оралды, бірақ жол сілтейтін ештеңе таба алмаған.



Бұл кезде Тао оны ұрлап кеткен отбасында жұмыс істеп жүрген. Ол балалар мен қарттарға қараған. Кейін жігіт құлдықтан босатылып, оны жаңа отбасы асырап алады. Бірақ олар Таоға туған анасын іздеуге көмектескісі келмеді.

Тао анасын табуды армандады. Ол университетті бітіріп, жұмысқа тұрды, үйленді, бірақ ол анасын ойлауды еш уақыт тоқтатқан емес. Еріктілердің көмегімен ол Чжоу құлдықтан шығарылғаннан кейінгі бағытын зерттеп, оның жаңа тұрғылықты жерін тапты. Осылайша анасы мен баласы қайта қауышты.

Анасы Чжоу кездесу кезінде есеңгіреп қалған, ол сезімін ұстай алмай, еңіреп жылап жіберген. Таоға өзін табуға көмектескендердің барлығына алғысын жаудырды.

Талқылау