AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір-бірін ешқашан көрмеген егіз қыздар күтпеген жерден кезікті

Егіз қыздар супермаркетте кездескенге дейін бір-бірінің бар екенін білмеген. Олар кездейсоқ кездесіп, бірнеше жыл бұрын жіберілген қателіктің құрбаны болғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фотода: Адриани Ивани, Адриана Ивани, Дан Норатина

Адриани Ивани және Адриана Ивани бір-бірін екі жұмыртқалы егіздер деп ойлап өскен. Алайда Адриани мотивациялық лагерьге барғанда, оған басқа мектептің оқушылары Норатина есімді сыныптасы туралы айтады. Олардың сөздерінше, қыз Адрианиге өте қатты ұқсайды. Оқушылар оған әлеуметтік желілердегі қыздың профилін көрсетеді. Адриани фотосуреттерге таңданып қарайды. Қыздар, шынымен де, бір-бірінен аумайды.

Үйге оралғанда, ол фотосуретті ата-анасына көрсеткен, бірақ олар қызы мен Норатираның ұқсастығына мән бермейді.

Алайда 2019 жылы Адриани "егізін" өзінің туған қаласы Кота Бару супермаркеттерінің бірінде кездейсоқ кездестіреді.

"Өмірдегі ұқсастықтарымызды көріп екеуміз де аң-таң болдық. Аузымызды ашып тұрып, бір-бірімізге қарап қалдық", – деп Адриани Норатинамен алғашқы кездесуін еске алды.

2020 жылдың тамызында Ивани әлеуметтік желіде туған күнінен фотосуреттер жариялады. Ортақ таныстар бірден Норитана екеуі бір күнде — 19 тамызда дүниеге келгенін хабарлады. Нәтижесінде қыздар ДНҚ тестін жасауға шешім қабылдады. Ол Адриани мен Норитананың егіз апалы-сіңлі екенін растады.

Кейінірек Адрианидің әпкесі Адриананың Норитана өсірген отбасының қызы екені анықталды. Бірақ ерлі-зайыпты 2018 жылы қайтыс болған екен. Қыздардың анасы дәрілерлер егіздердің бір не екі жұмыртқалы екенін айтпағанын мәлімдеді.

Бір-бірін тапқан апалы-сіңлілер бәріне перзентхана қызметкерлері кінәлі деп санайды. Олардың шатасуының кесірінен егіздер екі бөлек отбасыда өскен. Шындық ашылғаннан кейін, өзін өсірген ата-анасынан айырылған Норитана жаңа отбасына көшіп барған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр