Үйлену тойы кезінде күйеу жігіттің анасы келінінің 20 жыл бұрын жоғалған қызы екенін анықтады
Қытайдың Сучжоу қаласында үйлену тойында отбасының екі бірдей құпиясы ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күйеу жігіттің анасы қалыңдықтың қолындағы меңді байқап қалыпты. Әйелдің 20 жыл бұрын жоғалып кеткен қызының да қолында дәл осындай мең болған көрінеді. Кейіннен анасы қалыңдықтың әке-шешесінен бойжеткеннің қалай туғанын сұраған. Мұны естіген олар абдырап қалады, себебі ерлі-зайыптылар бойжеткенді кішкентай кезінде бағып алғанын ешкімге айтпаған.
Қалыңдық күйеу жігіттің анасы өзің туған шешесі екенін білгенде, көз жасын тия алмай жылаған. Себебі ол осы уақытқа дейін туған анасын іздеп келіпті.
Бір айта кетерлігі, жастар тойдан бас тартпапты. Себебі күйеу жігіттің анасы оны өзі тумағанын, қызын таба алмаған соң, асырап алғанын айтқан.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін