Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеуніктің әйелі Zoom-дағы конференция кезінде жалаңаш көрініп қалды (видео)

Zoom бағдарламасы арқылы бейне байланыс арқылы өткен Оңтүстік Африка Республикасының дәстүрлі көшбасшыларының ұлттық үйі мен ел әкімшілігі өкілдерінің кездесуі кезінде шенеуніктердің бірінің әйелі камераның алдында жалаңаш өтті. Осыдан кейін көп ұзамай конферецияны тоқтатуға тура келген. Ал күйеуі кадрдағы әйелін дереу байқамаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

зумОнлайн-кездесу 30 наурыз күні кешке өткен. Шенеунік Холиле Ндеву сөйлей бастаған кезде негізігі үлкен экранда көрініп тұрған. Ол әріптестеріне Шығыс Кейп провинциясындағы пандемияға қарсы жағдай туралы айта бастаған еді. 

Біраз уақыттан кейін оның артында әйелі экранда көрінді. Оның үстінде бір киім жоқ, жалаңаш болды. Жиналысқа қатысушылардың кейбірі күліп жіберді, ал үкіметтегі комитеттердің бірінің жетекшісі Файт Мутамби бірден іс-шараны тоқтатуды сұрады.



Ол Инкоси Сифо Махлангқа, Ндевтің бастығы және ұлттық үйдің басшысына, экранда жалаңаш әйел бар екенін айтты. "Сіздер тікелей эфирде отырсыздар", - деп ашуланды Мутамби.

Ндеву не болғанын бірден түсініп, ұялғаннан бетін қолымен жауып, кірерге тесік таппай қалды.

"Кешірім сұраймын. Мен артта не болып жатқанына емес, экранға назар аудардым. Бұл үшін қатты ұяттымын", — деді ол.

Кейінірек шенеунік Zoom-ды әлі де болса жетік меңгермегенін, қолдануға әлі үйренбегенін айтты. Сондай-ақ "көптеген адамдардың үйлері осындай іс-шараларға қажетті құпиялылыққа қол жеткізу мүмкін болмайтындай етіп салынған" деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол әйелі ұйықтар алдында душ қабылдағысы келгенін және жиналыс әлі аяқталмағанын білмегенін түсіндірді.

Талқылау