Коронавирус 425 адамның өмірін жалмады
Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 20 438-ге, көз жұмғандардың саны 425-ке артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚХР-дың денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері мәлімдеді.
Бір күн бұрын сырқаттанған 17 205 және мерт болған 361 науқас жайлы айтылған еді.
Дертке шалдыққандардың 2788-інің жағдайы ауыр, 632 ауруханадан шығарылған. Бір тәуліктің ішінде коронавирусты жұқтырған тағы 3235 адам тіркелген. Дегенмен Гонконгте, Макао мен Тайванда жаңадан инфекцияға тап болғандар анықталмапты.
Дәрігерлер бұдан бөлек 23 214 адам індетке шалдыққан болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Оған қоса науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 171,3 тұрғын бақылауға алынған.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"