Коронавирустың тағы бір белгісі айтылды
Қытайлық зерттеушілер коронавирусқа шалдыққандардың бойында байқалған тағы бір ауру белгісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Daily Star басылымы жазыпты.
Зерттеу қорытындыларына сәйкес, кейбір науқастардың бұрын анықталмаған бірқатар ауруларға шалдыққаны белгілі болыпты. Мұндай симптомдар ретінде дәрігерлер сөздің түсініксіздігі және бағыт-бағдардың жоғалуын мысалға келтірді. Сондай-ақ ғылыми жұмыста бұрын айтылып жүрген дене қызуының көтерілуі, жөтел, бас ауруы сынды ауру белгілері де көрсетіліпті. Кейбір науқастардың дәм және иіс сезу қабілеті жоғалғандығы да айтылыпты.
Жалпы алғанда зерттеуге Ухань қаласында ауру жұқтырған 214 адам қатыстырылыпты. Еске салайық, ең алған вирус осы қалада табылып, Ухань аурудың ошағына айналған еді.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 961-ге жетіп отыр.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев