Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың қашан тұмауға айналатыны айтылды

Пенсильван университетінің ғалымдары алдағы 10 жылдың ішінде коронавирус тұмау формасына өтіп, балалар үшін аса қауіпті болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Science Advances журналына сілтеме жасап. 

Зерттеушілер COVID-19 жасына байланысты өзгерістерін, аурушаңдық пен өлім жүктемесінің ықтимал сценарийлерін зерттеу үшін математикалық модельдеу жүргізді. Аурудың ауыртпалығы қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада зерттелді – тиісінше 1, 10 және 20 жыл. Бұл зерттеу Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропа, Испания, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, АҚШ, Бразилия және Оңтүстік Африка сияқты 11 түрлі елдің арасында жүргізілген. 

Нәтижелер коронавирустың ересектерге қарағанда балаларға қауіпті болатынын көрсетті. Яғни ауру үлкендерден балаларға біртіндеп ауысатын болады. Мысалы, "Азия тұмауы" немесе "Орыс тұмауы" деп аталатын 1889-1890 жылдарда болған дерт 70 жастан асқан ересектерге қатты әсер еткен болатын. Кейіннен ол 7-12 айлық балаларға әсер ететін болды. 

Алайда, егер ересектердің SARS-CoV-2 инфекциясына қарсы иммунитеттері төмендесе, аурудың ауырлығы осы топта жоғары болып қалуы мүмкін. Дегенмен, аурудың ағымы жеңілдейді. 

Талқылау