Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан көз жұму қауіпін арттыратын тағы бір фактор айтылды

АҚШ-тың медициналық білім және ғылыми зерттеулер қорының мамандары шылым шегудің коронавирус індетіне деген әсерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда темекіге қарсы шаралар күшейтілетін болады

Олардың зерттеулері MedicalXpress басылымының сайтында жарияланды. 

Сарапшылардың сөздерінше, темекі тарту коронавирусқа шалдығу қауіпін арттырады екен. Ал зиянды әдеттен дер кезінде бас тарту ағзаның инфекцияға қарсы қорғаныш реакциясын көтерілуіне әкеледі. Зерттеу қорытындылары сәйкес, темекі шегетін адамдардың бойында вирустар мен бактериаларға қарсы қорғаныштық қасиеті төмендейтіні анықталыпты. 

Қытай жариялаған деректерге сүйенсек, COVID-19 дертінен көз жұмғандардың көрсеткіші екі пайызды құрайды екен. Ал шылым шегетін адамдардың арасында бұл индекс 6%-ға дейін артады. Мамандар темекі шегу секілді вирустың ағзаға ену қауіпін жоғарылататын бірнеше факторды атап кетті. Жүрек және қан тамырлар ауруы, қан қысымының жоғары болуы мен диабет коронавирусқа шалдыққандар үшін өте қатерлі екендігі айтылыпты. Бұл аурулар өлу деңгейін 10%-ға дейін өсіреді. 

Дәрігерлер коронавирустан қорғанудың қарапайым тәсілдерін атап өтті. Сөздерінше, жиі айтылып жүрген дүниелер - арақашықтықты сақтау, қолды жиі жуып тұру, бетті қолмен ұстамау сынды кеңестер расымен де инфекцияға шалдығу қауіпін төмендетеді. Сондай-ақ сарапшылар әрбір мемлекеттің азаматтарына жергілікті биліктің жариялаған жаңалықтардан үнемі хабардар болуға кеңес берді. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 584 болып отыр. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр