Коронавирусқа қарсы вакцина дайын болатын уақыт аталды
АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина жаппай қолдану үшін бір жарым жылдан кейін дайын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Американың Ұлттық денсаулық институтының директоры Энтони Фаучидің айтуынша, алдымен вакцинаны адамдарға сынап көреді.
Вакцинаны сынаудың бірінші кезеңі үш айға созылады. Бұл кезеңде вакцина 45 адамға, ал келесі кезеңде - "жүздеген, тіпті мыңдаған адамға" сыналады.
"Тіпті, бәрі зымыран жылдамдығымен жасалса да, ол 6-8 айды алады. Сондықтан, егер біз вакцинаның қол жетімділігі туралы айтатын болсақ, бұл - бір жарым жыл", - деді Энтони Фаучи.
Бұған дейін Қытай билігі өлімге әкелетін коронавирусқа қарсы вакцина жасағаны туралы жариялағаны хабарланған. Кейіннен қытайлық дәрігерлер 2019-nCov коронавирусты пневмонияны емдеудің тиімді әдісін ойлап тапқан.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда