Коронавирусқа берік қан тобы анықталды
Қытай ғалымдары коронавирустың жұғуы қан тобына да байланысты екендігін анықтады. Олардың зерттеуіне сәйкес, коронавирусқа шалдығуға бейім ІІ қан тобы болса, I қан тобы керісінше, ең берік деп танылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар Уханьда және Шэньчжэнде орналасқан үш аурухананың сырқаттанған 2173 науқасына тәжірибе жүргізіпті. Олар AB0 қан жүйесінің коронавирусқа шалдығуын бақылаған. Нәтижесінде А тобындағы адамдардың 0 тобындағы науқастардан әлдеқайда көбірек ауырғандығын анықтапты. Сонымен бірге тәжірибеге қатысқандардың жасы мен жынысы бұл жағдайға әсер етпегендігі айтылыпты.
Сөз болып отырған AB0 қан жүйесінде қандағы ферменттер мен гендер әр түрлі болып келеді. Эритроциттер, агглютиноген, ақуыздар мен басқа да ферменттердің ерекшелігіне байланысты адам бойындағы қан төрт топқа, 0 (I қан тобы), А (II), В (III) и АВ (IV) жіктеледі.
Тағы оқыңыз
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен