Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусы асқынған бала аяғынан айырылуы мүмкін

Америкалық Мичиганның штатының Шелби өңірінде COVID-19-дың асқынуына байланысты баланың аяғын кесуге тура келді. Бұл туралы Fox 17 телеарнасының сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Он жастағы Дишан Джемисонның ыстығы көтерілген соң, 21 желтоқсанда анасы оны дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оған балалардағы көп жүйелі қабыну синдромы деген диагноз қойды. Дәрігерлердің айтуынша, Джемисон бұрын-соңды көрген аурудың ең ауыр жағдайға ұшыраған.

Баланың дәрігері Розмари Оливера синдром жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтырғаннан кейін екі-сегіз апта ішінде дамитынын айтады. Ауру ашық белгілерсіз өрбіген, екі аптадан соң ауру қозған.

Коронавирусқа тест тапсырған бес мың науқастың ішінде 21 балада жүйелі түрдегі асқыну анықталды. Ауру симптомдары: қызу көтерілу, көздің қызаруы, бөртпе, іш өту, құсу байқалған. Синдромның неден пайда болғаны анықталмаған. 

Аурудың әсерінен баланың аяғында сұйықтық жиналған. Дәрігерлер баланың аяғын сақтап қалуға тырысқан, алайда ата-анасына кесу жалы шешімді айтуға мәжбүр болған. 

"Мұндай шешімге келу өте қиын болды. Ампутациядан кейін өмірі қандай болады деп уайымдап отырмын. Футбол ойнағанды жақсы көреді, жалпы белсенді әрекеттерді ұнататын. Бұл - өте ауыр", - дейді баланың анасы Бриттни Отман.

Алайда ол өзін ұлы алдағы уақытта протездер көмегімен жүре алады деген үмітпен жұбатады. 

Талқылау