Коронавирус жұқтырғаны қаза болғаннан кейін анықталған: Ақмола облысында қаза тапқан науқас 73 жаста болған
Бүгін Ақмола облысында коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді.
Көз жұмған адам 1947 жылғы Целиноград ауданының тұрғыны. 73 жастағы тұрғын жоғары артериалдық қан қысымы, қант диабеті және өкпенің созылмалы ауруына шалдыққаны анықталып отыр. Бірнеше рет станционарларда емдеуден өткен, ал екі жыл бұрын қант диабеті салдарынан оның оң аяғына дәрігерлер ампутация жасапты. Соңғы рет ауруханаға "созылмалы бронхиттің асқынуы" диагнозы түскен.
2 cәуір күні бауыр тыныс алу жетіспеушілігі мен жүрек ауруы асқынғандықтан науқас көз жұмған. Оның денесі сараптамаға Нұр-Сұлтан қаласына жіберілген. Сараптама қорытындысы азаматтың COVID-19 ауруына шалдыққанын көрсетті.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады