Коронавирус жұқтырған жүкті әйел комада жатып босанды
АҚШ-тың Ванкувер қаласының тұрғыны коронавирус індетінен емдеу кезінде жасанды комаға түсіп, баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

27 жастағы Ангела Примаченко коронавирус жұқтырған. Оның қызуы көтеріліп, нәтижесінде 24 наурызда COVID-19-ға сынама оң нәтижені көрсеткен. Сегіз күннің ішінде симптомдары күшейіп, оны ауруханаға жатқызып, жасанды кома жағдайын енгізді.
Денсаулық жағдайына байланысты оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосты. Осы уақытта әйел жүктіліктің 33 аптасында болған. Примаченко комада болған кезінде баласын дүниеге әкелді.
"Мен комадан шыққан кезде, үлкен ішім болмады. Бұл ақылсыздық болды", - деді әйел.
Ангела 11 сәуір күні ауруханадан шығарылды. Науқас әлі күнге дейін жаңа туған қызы Авуды қолына алмаған. Ол сәбиді коронавирус сынағы теріс нәтиже көрсетпен кезде ғана көре алады. Қазір нәресте жансақтау бөлімінде жатыр, ол коронавирус жұқтырмаған.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"