Коронавирус жұқтырған ресейлік студент Қазақстанға өтіп кеткен
Ресейдің Қорған қаласында ЖОО-да оқитын студент коронавирусқа шалдыққан. Қазір бойжеткен Қазақстанда екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральский меридиан" порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Зауралье губернаторы Вадим Шумков мәлім етіпті.
"4 сәуір күні ресейлік Қорған университетінің студенті коронавирус жұқтырған анықталды. Қазір онымен байланыста болғандар іздестірілуде. Бойжеткен Қазақстанға өтіп кетіпті, мәліметтер сол жақтан келіп түсті", - депті губернатор.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 670-ке жеткені айтылған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі