Коронавирус жұқтырған мұғалімдер өтемақы алады ма?
Білім және ғылым министрлігі кезекші сыныптарда жұмыс жасау кезінде коронавирусты жұқтырған мұғалімдерге өтемақы төлемейді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр дәрігерлер секілді мұғалімдер қызмет барысында коронавирус жұқтырса, оларға өтемақы төленбейтінін айтты.
"Жоқ төленбейді. Талап бойынша жүкті әйелдер мен 65 жастан асқан мұғалімдердің созылмалы аурулары бар болса, олар кезекші сыныптарда балаларды оқыта алмайды. Сіз өзіңіздің температураңызды қадағалап, барлық санитарлық талаптарды сақтауыңыз керек", - дейді министр.
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова балалар мен мұғалімдер коронавирусты жұқтырса, санитарлық дәрігерлер эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, жұқтырған мұғаліммен немесе оқушымен тығыз байланыста болған мектеп оқушыларын оқшаулайтынын түсіндірді.
Егер бірнеше мектеп оқушылары немесе мұғалімдер коронавирусты жұқтырса, мектептер карантинге жабылады.