Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған қазақстандық бойжеткен полицияға шағым түсірді

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны полицияға жеке бас мәліметтерін таратты деп шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қыздың коронавирус жұқтырды деген жеке басына қатысты деректері WhatsApp мессенджері арқылы таралып кеткен. Хабарлама ресми стильде ресімделіп,  қызметтік ақпаратқа ұқсас етіп жасалған. Онда тегі, аты-жөні, туған жылы және пәтеріне дейінгі нақты тұрғылықты жері көрсетілген.

Қыз бөтен біреудің жеке деректерді таратқаны үшін арыз түсірген.

"Бұл факт "жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және ҚР Жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады СҚО полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирустан бір науқас көз жұмды. Сондай-ақ елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны бір тәулік ішінде 40% - ға өскенін хабарлаған едік. 

Талқылау