Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғандар саны 41055-ке жетті: Ауру белгісі жоқ науқастар жалпы статистикаға қосылатын болды

Коронавирус жұқтырған ауру белгісі жоқ науқастар жалпы статистикаға қосылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Енді коронавирус жұқтырғандар ауру белгілері бар, ауру белгілері жоқ деп бөлінбейтін болды. Вирус анықталғандардың барлығы науқас ретінде тіркеледі. 

Қазақстанда өткен тәулікте 1604 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 41055-ке жетті. 

Айта кетейік, бастапқыда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы есебі жүргізілген болатын. Алайда, кейінірек инфекцияланғандар мен симптомсыз тасымалдаушыларды бөле бастады.

Себебін Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова былай деп түсіндірді, коронавирус пайда болғанда, инфекцияның қалай жұғатынын, қаншалықы қауіпті екенін ешкім білмеді.

"Біз қоғамдағы вирустық таралуын бағаладық. Жинақталған тәжірибе, соның ішінде халықаралық, белгілері бар науқастар симптомдар пайда болғанға дейін екі күн ішінде және симптомдар пайда болғаннан кейін жеті күн ішінде басқаларға қауіп төндіретінін көрсетті, яғни 10 күн бойы олар айналасындағыларға қауіп төндіреді. 11-ші күні олар айналасындағыларға қауіпсіз болады, ал олардың тесті оң нәтиже көрсетуі мүмкін. ПЦР-вирустың сынықтарына әсер береді", - деп атап өткен болатын санитарлық дәрігер.

Алайда қытайлық ғалымдардың мәліметтері бойынша, коронавирустың симптомсыз тасымалдаушылары да инфекцияны таратады және қауіп төндіреді. Сарапшылар симптомсыз науқастар жатқан палаталарда вирусты анықтады.

Талқылау