Коронавирус салдарынан болған асқынулардан 11 жасар қыз көз жұмды
Эстонияда коронавирус салдарынан болған инсульттан 11 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті Eesti Päevaleht газетіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға наурыз айында болған. Осыған дейін бұл туралы ақпарат жарияланбаған. Өйткені өлімнің себебі инсульт салдарынан болған ми ісінуі деген болжам жасалған. Алайда денені тексергеннен кейні дәрігерлер қыздың өліміне коронавирус себеп болғанын айтады.
"Қыздың өлімі туралы ақпарат денсаулық сақтау басқармасының вирустан көз жұмғандар туралы статистикасына енгізілмейді. Бұл жағдайда дәрігер өлімнің негізгі себебін науқас көз жұмғаннан кейін анықтап отыр", – деп жазады басылым.
Вирусолог Андрес Меритстің айтуынша, Эстонияда бірнеше бала COVID-тен қайтыс болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"