Дәрігерлер аптап ыстықта коронавирустың қауіпі жоғарылайтынын айтты
Ресейлік маман Андрей Тяжельников аптап ыстықта коронавирусты жұқтыру қауіпі артатынын және жаз маусымында ауруды емдеу қиынға соғатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ыстық күндері ауруды жұқтырып алу қауіпі жоғарылайды, себебі бұл кезде суық тигізу жиілеп, иммунитеттің төмендеуі байқалады. Сәйкесінше, адам ағзасының вирустар мен бактерияларға қарсы тұруы қиындайды. Бұған қоса, аптап ыстық коронавирустың емделуін ауырлатады. Организм коронавирусқа тап болғанда стресске ұшырайды", – дейді дәрігер.
Оның айтуынша, аурудан сақтану үшін барынша жедел түрде вакцина салғызу керек. Әсіресе созылмалы аурулары бар, егде жастағы және иммунитеті нашар адамдар үшін екпе алған жөн екенін айтады.
Бұған қоса, дәрігер коронавируспен ауырғандарға өзі отырған бөлменің ылғалдылығы мен температурасына жіті назар аудару керек дейді. Жиі-жиі тазалық жұмыстарын жасап, бөлмені желдетіп алу артық етпейтінін де ескертті.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен