AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда коронавирустың "дельта" штаммына шалдыққан балалардың саны күрт артқан

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев соңғы екі аптада коронавирустың "дельта" штаммы, әсіресе балалар мен жастар арасында тез таралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

"Ауру бір жасқа толмаған балалардың арасында 0,7%-дан 2,8%-ға дейін, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 0,4%-дан 15%-ға, 15-19 жастағылар арасында 0,8%-дан 5,2%-ға, 40-59 жастағы азаматтар арасында 1,5%-дан 24,7%-ға өскен", – деді Сағынтаев. 

Оның сөзінше, балалар мен жасөспірімдерге жіті назар аударылып, олардың жаппай адам жиналатын орындарға баруын мүмкіндігінше шектеу қажет. Ересектер де сақтық шараларын ұмытпауы міндетті. 

Сондай-ақ, сарапшылар коронавирусты симптоматикалық науқастар үлесінің артқанын айтады. Алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге, яғни 46%-дан 73%-ға дейін өскен. Бұл COVID-19-дың ауыр клиникалық көріністерін тудыратын "дельта" штаммының таралуына байланысты, деді әкім.

"Жұмыспен қамту тұрғысынан алғанда, соңғы 14 күн ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында коронавирустың таралуы жиі кездеседі (35%). Сондай-ақ, ауру жұқтырғандардың үлесі әртүрлі ЖШС , жеке кәсіпкерлер, АҚ қызметкерлері  – 19%, зейнеткерлер – 17,4%, сондай-ақ мектеп оқушылары – 10,3% және мектеп жасына дейінгі балалар – 7%-ды құрайды", – деді қала басшысы. 

Әкімдік мәліметінше, 1131 адам (80 бала) жұқпалы аурулар ауруханаларында жатыр, оның 33-інің жағдайы өте ауыр, 256 адам ауыр халде, 842-і орташа ауырлық дәрежесінде. Жасанды өкпе желдеткішіне – 19, инвазивті емес желдеткішке – 34, жоғары ағын құрылғысына 22 адам қосылған.   

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр