Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус өршіп тұр: Қазақстандық оқушылар неге дәстүрлі форматта оқып жатыр?

Онлайн-брифинг барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова оқушылар не себепті мектепке барып оқитыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Есмағамбетова оқушылар арасында жұқтыру деңгейі төмен болғандықтан және ата-аналардың жұмыс істеуіне байланысты мектептер қайта ашылғанын айтты.

"Оқудың жаңа форматына көшу себебі кезекші сыныптардағы оқушылардың арасында аурушаңдықтың төмендігі болып отыр. Ата-аналардың көбісі қазір жұмыс істейді және жүргізілген мониторнигтің нәтижесі бойынша мектептер оффлайн режимде жұмыс істеуге дайын екендігі анықталды. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда, оқыту форматы бойынша шешімді өңірлік Бас мемлекеттік санитарлық дәрігермен бірлесіп, әкімдік жанындағы өңірлік штаб қабылдайтын болады", - дейді ол.

Сонымен қатар, Есмағамбетова кезекші сыныптарға барғандар арасында ауру жұқтырғандар туралы айтып берді. 

"1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында КВИ-мен кезекші сыныптағы оқушылар арасында 302 жағдай тіркелді. 1 жағдай - вирустық пневмония (қашықтан оқыған оқушыда) тіркелді. Қазіргі кезде 456 бала емделіп жатыр", - дейді Есмағамбетова.

Талқылау