Коронавирус Италияға жетті
Италияда короновируспен ауырған екі адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді.
Ауруды жұқтырғандар - екі қытайлық азамат. Екі турист бірнеше күн бұрын Италияға сапар шегіп келіпті.
"Біз оларды басқалардан алшақтату үшін бар күш жұмсадық", - деді Конте.
Екі науқас тіркелгеннен кейін Италия Қытаймен арадағы әуе байланысын тоқтату туралы шешім шығарған.
Еске салайық бұған дейін, ауру Үндістан мен Финляндияда табылғаны айтылған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын халықаралық ахуал деп атап төтенше жағдай жариялады. Аталған індет 221 адамның өмірін қиып үлгеріпті.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған