Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ коронавирустың жаппай таралуын халықаралық ахуал деп атады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирустың жаппай таралуын халықаралық ахуал екендігін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Төтенше комитет отырысының қорытындысы бойынша ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ұйымның Қытай билігінің індетті тоқтата алатындығына бек сенімді екендігін атап өтті. 

Қазіргі таңда ауруға шалдыққан қытайлықтардың саны 9862 жеткен, олардың 1527-інің жағдайы ауыр болса, 213-і көз жұмып, 171 адам ауруханадан шығарылыпты. 

Аурудың Қытайда және әлемде жаппай таралуы көрсеткіші өте жоғары деп бағаланып отыр. ДДСҰ індетке "2019-nCoV тыныс алу жолдарының ауруы", ал вирусқа уақытша "2019-nCoV" деген атау беруді шешіпті. 

"Комитеттің пайымдауынша, вирустың жаппай тарауына бөгет жасауға болады. Ол үшін мемлекеттер ауруды анықтауды қатаң қадағалауға алып, сырқаттанған адамдарды басқаларынан алшақтатып, оларды емдегенде тиісті шараларды жүзеге асырулары қажет. Бұған қоса жағдайдың ушығуына байланысты атқарылатын міндеттердің саны да артатынын ескерге жөн", -мәлімдеді ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар комитеті.


 

Талқылау