Коронавирус алғашқы кезекте ағзаның қай бөлігін зақымдайтыны анықталды
Ғалымдар коронавирус инфекциясы жиі зақымдайтын жасушаларды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Гарвард және Массачусетск университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 вирусына ағзадағы екі ақуыз денеге еніп, одан әрі таралуына ықпал ететінін анықтаған. Олар зерттеуді РНҚ деректеріне сүйене отырып жасапты.
Ауру тудырушы вирус мұрын қуысындағы секреторлы жасушаларды, өкпеде ІІ типтес пневмоциттерді, ал ішекте энторциттерді алғашқы кезекте зақымдайтын көрінеді. Ішек қуысының жасушаларына зиян келгендіктен адамның ас қорыту қызметі бұзылады екен.
Тәжірибе авторлары аталған зерттеудің коронавирусқа қарсы препаратты жасап шығарумен айналысып жатқан ғалымдарға септігін тигізеді деген сенімде.
Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты: Қай ауданның тұрғындары қауіпті аймақта орналасқан
Almaty Air Initiative: "Қолайсыз ауа райы кезінде ластаушы заттар ауада дұрыс таралмай, қала үстінде жиналып қалады"
“Ішім созылып, әбіржігім келмейді": Қазақстандық қыздар неге бала туудан бас тартып жатыр
Қазақстанда бес жылда туған балалар саны 25 пайызға азайған