Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көрінбей кеткен Еркін Нұржанов денсаулығындағы ақау туралы айтты

Көрінбей кеткен Еркін Нұржанов денсаулығындағы ақау туралы айтты. Әншінің көру қабілеті нашарлаған екен. Бұдан өзге, Еркіннің жақын туысы аса ауыр дертке шалдыққан. Дәл осы себепті ол өнер ордасынан алшақтап, Шымкент қаласына қоныс аударған.

“Астана” арнасына берген сұхбатында Еркін жарты жылдан бері көзілдірік тағуға мәжбүр болып жүргенін айтты.

“Білмедім жас келгеннен бе екен, болмаса рөлде көп отырамыз, содан ба екен… Қалай болған күннің өзінде көзілдірік тағуға тура келді. Басында ұялып жүрдім, кейіннен үйренісе бастадым”, – деді Еркін.

Әнші қазіргі уақытта Шымкент қаласында тұрып жатқанын ашық айтты.

“Себепсіз болмайды ғой ештеңе. Қазір Шымкентте тұрып жатырмын. Төреғалидің концертіне сол жақтан келгенім рас”, – деді Еркін 31 арнаға берген сұхбатында.

Бұдан кейін ол жақын адамының аса ауыр дертке шалдықаннын айтып, артық сұрақ қоймауды өтінген.

Жіберіп алмаңыз:

Қайнар Алагөзов “хит” әнге 1000 теңге төлеген әнші туралы айтты

Мұрат Әбенов: Қайрат Нұртастың фильмінде ащы шындық көрсетілген

“Аға буын түк бітірмеді” деп назданған Мархаба Мақпал Жүнісованың қаҺарына ұшырады

“Айырылыстық” деген Дәурен мен Ақбота бірге той басқарып жүр (видео)

Талқылау