Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорғас" шекара аймағы сауда министрлігінің қарамағына өтеді

Үкімет қаулысының жобасы жарық көрді. Оған сәйкес "Қорғас" шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығы коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қорғас" шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығында арнайы экономикалық аймақтарының мемлекетаралық жобасын сәтті жүзеге асыру және қазақстандық экспортты ілгерілету үшін жағдай жасалуда. 

"Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара маңындағы сауда көлемін ұлғайту мақсатында "Қорғас" акционерлік қоғамының акцияларының мемлекеттік пакетіне меншік құқығы мен пайдалану құқығын беру қарастырылған. Бұл сауда және интеграция министрлігінің құзырында", - делінген жобаның түсіндірме хатында.

Жобаның қабылдануының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайтыны белгілі болды.

Қорғас - бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы бажсыз сауданың халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы. «Қорғас» Алматы облысының Панфилов ауданында екі мемлекеттің шекаралас аумақтарында орналасқан және мемлекеттік шекара арқылы «арнайы өткелмен» байланысқан. 

Талқылау