Қорғаныс министрлігі жекеменшік компанияны сотқа беріп, бір миллиардтан астам қаржы өндіріп алды
Қорғаныс министрлігі Алматы облысындағы "Жетіген" аэродромын күрделі жөндеуден өткізу үшін “K-Dorstroy” АҚ жекеменшік компаниясына қомақты сома төлеген. Алайда компания өзіне міндеттелген жұмысты орындамаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Күрделі жөндеу жұмысы үшін ведомство компанияға аванс ретінде 1 миллиард 36 миллион теңге төлеген. Алайда “K-Dorstroy” АҚ компаниясы келісім шарт талаптарын орындамаған.
Қорғаныс министрлігі жекеменшік компанияны сотқа беріп, аванстық төлемнен бөлек, айыппұл ретінде 31 миллион теңге төлеуді талап етті.
“Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына байланысты бас әскери прокуратура бірқатар шаралар қабылдап, әділет органдарына қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде залал толық көлемде өтелді: борышкер мемлекет кірісіне 1 миллиард 67 миллион теңге аударды”, – деп мәлімдеді бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"