Қорғаныс министрлігі Германиядан гуманитарлық жүк алды
Қорғаныс министрлігіне Германиядан гуманитарлық жүк келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның қарулы күштері үшін медициналық мақсаттағы гуманитарлық көмек ретінде жүк келді.
Гуманитарлық көмекті жіберуші – Германия Федеративтік Республикасының қорғаныс министрлігі. Мүлікті кедендік тазарту "СК- Фармация" ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.
Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар COVID-19-бен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бір реттік маскалар эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімге берілетін болады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді