Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әмірбек Тоғысов көз жұмды
Алматыда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, отставкадағы генерал-майор Әмірбек Тоғысов қайтыс болды. Ақпаратты генералдар кеңесі төралқасы төрағасының орынбасары Махмұт Телеғұсов растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ол бүгін таңертең 12-ші қалалық ауруханада көз жұмды", - деді Махмұт Телеғұсов.
Оның айтуынша, генерал-майор Тоғысов коронавирус жұқтырған.
Қоштасу 15 шілдеде болады. Әмірбек Тоғысов Кеңсай зиратына жерленеді.
90-жылдары Әмірбек Тоғысов ішкі күштер қолбасшысының орынбасары, қорғаныс министрінің идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. Ол 2000 жылы демалысқа шықты.
Кейін "Қазақалтын" тау-кен металлургия концернінің күзет қызметі департаментінің директоры және "Қазақалтын" басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын