Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық 5 жылға сотталуы мүмкін
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа бірнеше айып тағылды. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жайында ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оған бірнеше айып тағылды. Оқиға орнынан қашу, көлікті тіркеу ережелерін бұзу, сақтандыру құжатының болмауы, сондай-ақ, жүргізуші куәлігінің болмауы. Оңтүстік Корейдің осы тексеру жұмыстарын жүргізуі бойынша ол бес жылға сотталуы мүмкін немесе айыппұл салынады", - деді Смадияров брифингте.
Ол бұл оқиғаның шулы екенін және ІІМ бақылауында болатынын айтты.
Айта кетсек, қазақстандықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол Чанвон қаласында тергеу изоляторында отыр.
Айта кетсек, бұдан бұрын 20 жасар Қазақстан тумасы Оңтүстік Корейде жеті жасар баланы қағып кетіп, ізін суытқаны туралы хабарланған болатын. Ал бала дереу жан сақтау бөліміне жеткізілген. Ол 18 жерінен жарақат алған.
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған
Астаналық әйелдің егіздері бірі құрсақта, бірі туған соң шетінеп кеткен: Туыстарының шағымынан кейін перзентхана тексеріліп жатыр
Іші көгеріп кеткен әйелді дерматологқа жіберіп, антибиотиктермен емдеген