Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қораптың ішінен шықты": Абай Бегейдің туған күніне қыздары ерекше тосынсый дайындады

Танымал әнші Абай Бегей жаңа жасын жақындарымен қарсы алды. Өнер иесінің блогер қызы тосынсый болып келіп, ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/niyazkulova_erke

Блогердің айтуынша, қызы мен әкесінің туған күні бір күнде. 

“Әкемді туған күнімен құттықтап келіп қалдық. Біз үшін жылдың ерекше күніне, әкемнің туған күніне Томирис қызымның да туған күні тұспа-тұс келді. Әкем "түннен бері құттықтамады" деп ренжіп жүр екен. Мен бұл уақытта Алматыға туған күнге тосынсый болып келіп үлгердім. Томидың бұл күнде туылуы менен өмірлік сыйлық қой. Әкешім, туған күніңізбен. Жақсы көремін", – деп жазды блогер ару. 



Өнер иесінің қызы әкесін қалай құттықтағанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Блогер ару баласымен бірге қораптың ішінде тығылып, әкесіне тосынсый болып шыққан. Сондай-ақ балалары атынан үлкен қажылыққа жолдаманы да сыйлады. 

“Қабыл болған қажылықтың сыйы – Жәннат. Біз әкемізге не берсек те, оның бізге берген махаббат, мейіріміне ешнәрсе жетпейді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеген әкемізге не берсек екен деп көп ойландық. Осы сыйлықтан асқан сыйлық жоқ деп, отбасымыздың атынан қажылыққа жолдама бердік. Әкеміздің үлкен қажылыққа баруына біз себепші болғанымызға Аллаға сансыз шүкір!”, – деді Гүлеркем. 

Еске салайық, Абай Бегей келіншегі мен қыздарының блогерлік жолын қолдайтынын айтқан еді. 

 

Талқылау