Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көптен күткен қуаныш: Нұр-Сұлтанда өрт кезінде бес қызынан айырылған ерлі-зайыпты ұлды болды

11 желтоқсанда өртте бес қызынан айырылған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Барлық баласын өрт кезінде жоғалтқан отбасын ұзақ күткен қуанышымен құттықтаймын. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді. Ұл дүниеге келді. Жанымгүл жүкті кезінде бұл ақпаратты құпия ұстауды өтінген еді.

Енді сүйінші жаңалықты жеткізгім келді. Бүгін бүкіл қоғам болып қайғырған отбасында қуаныш. Ел болып амандығын тілейміз. Қыздарыңызға деген махаббаттың есесіне лайықты мұрагер болсын. Сол махаббат бар жаманнан қорғап жүрсін. Өткен жылы халық ауыр қайғыны естіп бірге жылады. Енді бұл отбасында үміт пайда болды",- деп жазды блогер Тәңірберген Бердоңғаров өзінің желідегі парақшасында.



Еске салайық, 2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында жеке үйдің аумағында өрт шығып, кішігірім үй өртеніп кетті. 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылдары туған бес қыз бала қайтыс болды.

5 ақпанда Нұр-Сұлтанда қайтыс болған балаларды жерледі. Өрт шыққан кезде олардың ата-аналары жұмыста болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр