7 жыл үйінен шықпаған: Петропавлда іздестіріліп жүрген әйел табылды

Петропавлда жеті жылдан бері іздеуде жүрген 61 жастағы әйел ұсталды. Ол есірткінің таралуына байланысты қылмысқа күдікті ретінде іздестірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әйел

Полицейлердің мәліметінше, 2012 жылы тергеушілер Петропавл тұрғындарының бірі героин таратқаны үшін қылмыстық іс жүргізген. Есірткі қылмысына оның 61 жастағы анасы да күдікке ілінген. Әйелдің үйінен белгісіз бағытта кетіп қалғандығы істі жүргізу барысында анықталған. Соңғы сегіз жылда ешкім оның нақты орналасқан жерін айта алмаған.

7 жылдан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері әйелдің Петропавл қаласының маңындағы ауылда жасырынып жүргені туралы жедел ақпарат алды.

"Тексеру барысында әйелдің тұрған жері туралы ақпарат расталды. Ол жеке үйлердің бірінде, жұмысшы ауылдың орталығында ұсталды. Ол 2012 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, Қостанайдағы алыс туыстарына кеткенін түсіндірді. Бірақ соңғы төрт жылда ол қайтадан Петропавлдағы Жұмысшы ауылында, туысқандарында тұрды. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде ол полиция қызметкерлерінен жасырынып жүрген, тіпті үйден шықпаған", - дейді Петропавл полиция басқармасының Жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы Жасұлан Балдықов.

Айтуынша, әйел ұзақ жылдар бойы бірінші рет үйден шығып, танысының үйіне бет алған, содан кейін оны сол жерден полиция ұстады.

Қазір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 259-бабының 4-бөлігі (1997 жылғы редакциясында) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр